№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Қабылдау ережелері 2022-23 |
Қостанай облысы Әкімдігінің білім басқармасы
«Әулиекөл ауылшаруашылық колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2022-2023 оқу жылына арналған қабылдау ережелері.
(кейін – «Әулиекөл а/ш колледжі» КМҚК)
2.«Әулиекөл а/ш колледжі» КМҚК Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады, шетел азаматтары және ағымдағы жылдың мектеп түлектерінің санынан негізгі білімдері бар (жалпы негізгі),жоғары, арнайы білім беру қажеттілігі бар тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
3.«Әулиекөл а/ш колледжі» КМҚК оқуға түскенде 2012 жылдың 28 ақпанында шыққан Қазақстан Республикасының № 264 Үкімет қаулысымен бекітілген «Жоғары және ортадан кейінгі білімдері, кәсіптік және техникалық кәсіби оқу бағдарламасын іске асырып білім мекемелеріне оқуға түскенде қабылдау квотасын белгілеу туралы» қабылдау квотасы қарастырылған:
6.«Әулиекөл а/ш колледжі» КМҚК қабылдау комиссиясының аумақтарға шығып азаматтарды оқуға қабылдау туралы ұйымдастыру жұмысы ҚОӘББ келісімімен шешіледі.
7.1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш түскен күні не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырады, құжаттарды қабылдаудан бас тартады және қолхат береді. (2 - қосымшасына сәйкес)
7.2. Құжаттар Портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны тіркейді және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келіп түскен жағдайда, келесі жұмыс күні (құжаттарды қабылдаудың соңғы күнін қоспағанда) тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидалардың 2 -қосымшасына сәйкес колледжге құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қызметкер.
7.3. Құжаттар Портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түскен күні өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күнінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес колледжге құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қызметкер.
7.4. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты жердің тіркеуі туралы белгісі бар, мәртебесін анықтайтын құжатты береді:
Колледжге ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мамандықтар мен біліктіліктерде жүзеге асырылады. "Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі" диагнозы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүргізіледі.
11.Үміткерлердің өтініштері білім беру нысандары мен мамандықтары бойынша тіркеу журналында тіркеледі.
Бір ТжКБ ұйымында 15 адамнан кем емес, оның ішінде ауылдық елді мекендерде орналасқан ТжКБ ұйымдарында 10 адамнан кем емес бір мамандыққа үміткерлерден өтініштерді тіркеу кезінде білім бөлімінің ақпараттық жүйесіне өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін он жұмыс күні ішінде ТжКБ ұйымында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытуды өтініш берушімен келісе отырып, оны басқа мамандыққа және ТжКБ ұйымына қайта бөлуді жүзеге асырады.
Сөйлесу өтініш берген тілде өткізіледі.
Емтихандар қайта тапсырылмайды.
Аппеляциялық комиссия тақ мүшелерден тұрады, оның құрамына оқытушылар, өндірісте оқыту шеберлері кіреді. Аппеляциялық комиссиясынын хатшысы мүше бола алмайды.
Сөйлесу нәтижелерімен келіспейтін азаматтар аппеляцияға өтініш бере алады.
Сөйлесу нәтижелерін хабарлағаннан кейін келесі күннің 13.00-ге дейін аппеляциялық өтініштер беріледі және өтініш берушінің қатысуымен бір күннің ішінде аппиляциялық комиссиясымен қаралады.
Аппеляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізім құрамымен, көпшілік дауысымен қабылданады. Егер дауыс тең болса комиссия төрайымында шешуші дауыс құқығы бар. Комиссияның жұмысы төрайымның және комиссия мүшелерінің қол қою хаттамаларымен ресімделеді.
Конкурстың шарты бойынша техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген және қабілетті азаматтарды қабылдауға құқықтарының кепілдігі сақталады.
Оқушылар қатарының есебіне алуы техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы дайындығын қарастырады, негізгі орта немесе жалпы орта білімнің білім туралы құжаттарда көрсетілген профильді пәндері бойынша (математика) бағаларына негізделіп 27 тамыз бен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Іріктеу шарттары «Әулиекөл а/ш колледжі» КМҚК анықталады.
19.1. Білікті жұмыс кадрларын даярлауға оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға бөлінген орындар санынан асқан кезде оқуға қабылдау орташа конкурстық баллына сәйкес, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады.
19.2. Басқа елдің білімі туралы құжаты бар адамдар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген міндетті және бейіндік пәндер болмаған жағдайда, міндетті және бейіндік пәндердің тізбесін ТжКБ ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді. білім басқармаларының ақпараттық жүйесі.
19.3. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін колледждің ақпараттық стендтерінде немесе интернет – ресурстарында орналастыру арқылы жеткізеді.