(педагогтер, білім алушылар, тәрбиеленушілер және ата-аналар)
Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі заңнамасын бұзу – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынына білім беру процесіне қатысушылардың назарын аударамыз.
Педагогтердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы, атап айтқанда, педагогтің кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі құқықтары белгіленген «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ 7-бабын мүлтіксіз сақтау қажеттігі еске саламыз, оған сәйкес педагог кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде педагогтің:
- лауазымды және басқа тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне және т. б. кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар
Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту – жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы, 7-6-Б.).
Педагогтерге педагогикалық этика қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертеміз. Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:
1) адалдық;
2) әділдік;
3) жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
4) патриотизм;
5) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік;
6) кәсіби ынтымақтастық;
7) кәсіптік дамудың үздіксіздігі.
Сіздерге педагог мәртебесін заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеміз. Педагогикалық әдеп қағидаларында білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагогтер педагогтер жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе кез келген өзге мән-жайларға қарамастан, адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуі тиіс (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығы). Заңнама нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз.
Барлық білім беру ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде білім беру ұйымы басшысының міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Білім беру саласындағы заңнаманы бұзу фактілері орын алған жағдайда Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне хабарласуды сұраймыз.