Құрметті Қамқоршылық кеңес мүшелері!
Сіздерді 2024 жылдың 29 сәуірінде сағат 15:00-де колледждің 9 аудиториясында өтетін Қамқоршылық кеңестің екінші отырысына шақырамыз.
Күн тәртібі:
- 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру туралы.
- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреті бойынша мұғалімдер мен студенттер арасында облыстық конкурсты дайындау және өткізу.
- Аспаздар зертханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру.
- Қорытынды аттестациялар кезінде Қамқоршылық кеңес мүшелерінің сарапшы ретінде қатысуы.
- Мақсатты мемлекеттік тапсырыстар бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуге жәрдемдесу.
- WorldSkills-2024 жарыстарына дайындық кезінде студенттерге практикалық көмек көрсету.
Қамқоршылық
кеңесінің Төрағасы (қолы бар) Мұстафин Е.А.
Құрметті Қамқоршылық кеңес мүшелері!
Сіздерді 2024 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 12:00-де колледждің 9 аудиториясында өтетін Қамқоршылық кеңестің үшінші отырысына шақырамыз.
Күн тәртібі:
- Колледж директорының 2023-2024 оқу жылының есебі.
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіпорындардың тапсырысы бойынша колледжде мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау, мақсатты оқыту жоспарын жүзеге асыру.
- Кәмелетке толмағандар арасында қосымша білім берумен (үйірмелер мен спорт секциялары) қамту.
- Студенттердің практикалық сабақтарын талдау.
Қамқоршылық
кеңесінің Төрағасы (қолы бар) Мұстафин Е.А.
Құрметті Қамқоршылық кеңес мүшелері!
Сіздерді 2024 жылдың 12 қарашасында сағат 15:00-де колледждің 9 аудиториясында өтетін Қамқоршылық кеңестің төртінші отырысына шақырамыз.
Күн тәртібі:
- Колледж директорының 2023-2024 оқу жылының есебі.
- Қаржы жылының қорытындысы бойынша бас бухгалтердің есебі.
- Қамқоршылық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Қамқоршылық
кеңесінің Төрағасы (қолы бар) Мұстафин Е.А.