Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында геолог, ғылымды ұйымдастырушы және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым академиясының академигі Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. КСР және КСРО Ғылым академиясы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін салушы.
Дөңгелек үстел барысында студенттер көрнекті ғалымның өмірбаяны, оның еңбектері және осы түрдегі әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі болып табылатын Жезқазған кен орнын ашу, әлеуетті ресурстарды негіздеу және қайта бағалау туралы айтып берді. Дөңгелек үстел тақырыбына кітап көрмесі, слайд-шоу ұйымдастырдық.