2023 жылдың 16 ақпанында Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінде "Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру; кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының себептері мен алғышарттарымен танысу.