Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес колледжде 15-30 желтоқсан аралығында «Таза сессия» акциясы басталып, оның аясында «Колледж сыбайлас жемқорлықтан азат!» тақырыбында студенттермен әңгімелесу ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – білім беру ортасындағы бейресми қатынастарды және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Студенттерге сондай-ақ веб-сайтта және ақпараттық стендте ақпарат орналастырылған сенім телефонының жұмысы туралы ескертілді.
Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің басшылығы студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессияның» өткізілуін бақылауға алып, сапалы білім алу құқығы аясында әділдік іздеуге шақырады.