Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде «Таза сессия» акциясы басталды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес колледжде 20 желтоқсан мен 20 қаңтар аралығында «Таза сессия» акциясы басталды. шеңберінде студенттермен «Колледж сыбайлас жемқорлықтан таза!» тақырыбында әңгіме ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Студенттерге сондай-ақ веб-сайтта және ақпараттық стендте ақпарат орналастырылған сенім телефонының жұмысы туралы ескертілді.
Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің басшылығы студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсене қатысуға, сонымен қатар «Таза сессияның» орындалуын қадағалауға және сапалы білім алуға құқықтары аясында әділдік іздеуге шақырады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наговицына Р.Г.