Студенттер арасында деструктивті сипаттағы діни ағымдардың таралуына жол бермеу жұмыстары колледждің Әулиекөл ауданы бойынша ҚМДБ және Қостанай облысы бойынша ҚМДБ-мен бірлесіп жылдық жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Студенттер арасында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу жөніндегі 2023-2024 оқу жылына арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 13 қыркүйегінде «Діни экстремизм және терроризм – қоғамға қауіп төндіреді» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі» 1 курс 1т-43 , 1п-11, 1мс-45, 1гс-46, 1т-47, 1п-48, 1б-49 топ студенттерімен.
Мақсаты: Терроризм мен экстремизм, оның алдын алу туралы түсінік беру. Шара барысында «Деструктивті діни ағымды жақтаушылардағы психологиялық өзгерістер» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Оқу топтарының жетекшілері экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттары мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ студенттерді Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизмге қарсы күрес туралы» заңдарымен және терроризмге қарсы жұмыстармен таныстырды. Қамту 156 оқушыны құрады.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наговицына Р.Г.