2024 жылдың 11 желтоқсанында «Әулиекөл ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ҚМДБ-ның «Jastar MED» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп «Денсаулыққа қарай қадам бас!» акциясын өткізді. Шараға 1 және 2 курс студенттері қатысып, 130 адам қамтылды. Акцияны Қостанай темір жол ауруханасы директорының орынбасары А.Қ.Садвокасова, денсаулық сақтау басқармасының аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты жөніндегі бас штаттан тыс маманы, Нұрахметова Ж.Т. терапевт, Нұрғазина Ф.М. лаборант Колледж студенттерімен «Жасөспірімдер үшін темекі шегудің зияны: классикалық және электронды темекілер мен вейптер» тақырыбында семинарлар өткізілді. Студенттер бір шылым шегу қандағы никотин концентрациясын орташа мөлшерлемеге қарағанда 10 еседен астам арттыратынын білді, бұл улы булардың жиі ингаляциясына ықпал етеді.
Сондай-ақ «Энергетикалық сусындар және жас ағза: жасырын қауіп» тақырыбындағы семинар материалдарынан студенттер жүрек-қантамыр, жүйке, ас қорыту жүйелеріне ауыр зардаптар мен кері әсерлер, сондай-ақ психологиялық тәуелділік туралы білді.
Семинардың практикалық бөлімінде студенттер өздерінің денсаулық көрсеткіштерін тексерді: қан қысымын, қандағы қант деңгейін, қанықтылығын анықтады.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің өз денсаулығын ойлауына және оған қамқорлық жасауға мүмкіндік береді.