Әулиекөл ауылшаруашылығы колледжінде 5 қыркүйек тілдер күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты:оқушыларды өз ана тілінің қадір — қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Шарада мерекеге байланысты бейнефильм көрсетіліп,студенттер 3 топқа бөлініп әр түрлі тапсырмалар,ойындар ойналды.
Іс-шара соңында жеңіске жеткен командалар грамоталармен марапатталды. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз.