2023 жылдың 20 қазанында Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінде «Республика күні» мерекесіне арналған 1Т-43 тобы студенттерімен «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушар бойында өз Отанына, халқына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз елінің өткені мен бүгініне деген қызығушылықты дамыту. Іс-шарада студенттер мерекелік күннің тарихымен таныстырылып,маңыздылығы түсіндірілді.
Шара интелектуальды сайыс форматында өткізілді. Студенттер 2 топқа бөлініп 3 кезеңнен тұратын қызықты әрі танымдық тартысқа белсене қатысты.
Сайыс барысында Қазақстан Республикасы туралы викториналық сұрақтарға жауап беру, Отан, ел, жер туралы мақал- мәтелдер бойынша сайыс және мерекеге сай сурет салу бойынша тапсырмалар берілді. Тақырыпқа сәйкес видео, слайдтар көрсетілді.
Сайысқа студенттер үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты.
Жауапты:қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кокасова.Р.К