2023 жылдың 16 қарашасында Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
«Отбасы және бала тәрбиесі» балаларды қорғау және оң білім беру мәселелеріне баса назар аудара отырып, «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі аясында. Педагог-психолог: Биржанова Г.К.
Ата-аналардың әкімшілік жауапкершілігі, жол-көлік жарақатының алдын алу. Учаскелік инспектор полиция майоры Керімбаев Р.Ж.
Ақпараттандыру онкүндігі аясында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толерантты қатынас». Әлеуметтік педагог Закарина Г.Б.
Мемлекеттiк стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерi ережелерi. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жусупова Л.И.
Кездесу барысында ата-аналарға бұзақылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, ерекше күтімді қажет ететін балаларға төзімділікпен қарау жөнінде ұсыныстар берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы No 116 қаулысына 2023 жылғы 1 қыркүйектегі өзгерістер ескеріле отырып, түсініктемелер берілді.
Директордың кадрлар жөніндегі орынбасары Наговицына Р.Г.