2023 жылдың 15 қарашасында Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде Ұлттық валютаның 30 жылдығына арналған зияткерлік-танымдық кураторлық сағат өтті. Іс-шараға В-49, ТМ-35 және ТМ-47 топтарының студенттері қатысты.
Мақсаты: студенттерге қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекет рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық валюта – теңгенің, еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын анықтауға көмектесу.
Міндеттері: жаратылыстану-гуманитарлық пәндер сабақтарында студенттердің ел мен ұлттық валюта және оның әлемдегі орны туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу; сыни тұрғыдан ойлау, коммуникативті дағдылар мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту; өз елінің тағдырына араласуды, отансүйгіштік пен жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес жыл сайын 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді. Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы. Кез келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын қамтиды, оны енгізу бір рет қана болады. Зияткерлік-танымдық кураторлық сағатта Ұлттық валютаның пайда болу тарихы, теңгеге тарихи көшу және валютаның дизайны туралы әңгімеледі. Сондай-ақ біз ұлттық валютаның пайда болу тарихы және әлемдік ақша туралы викторина өткіздік.
Оқытушы Исмагулова Р.М. , ө.о шебері Нұрманов А.Б.