2023 жылдың 24 қазанында колледжде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мақсат:
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Директордың басқару және даму жөніндегі орынбасары М.М.Күнеділов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде республикамыздың серпінді дамып, гүлденген ел екенін және бейбітсүйгіш сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.
Одан әрі оқуда және колледждің қоғамдық өмірінде жақсы жетістіктер көрсеткен студенттерге сертификаттар табыс етті. Олардың қатарында 2 курс студенттері: Савинова О., Никифорова Д., Домбовская А., Филюшин О. және т.б., 3 курс студенттері: Бекентай Н., Гаврюшева Е., Рафф Ю., Ильченко Е. және т.б. Сертификаттар да салтанатты түрде табыс етілді. колледждің қоғамдық өміріне белсене араласатын оқытушыларға ұсынылды. Олардың ішінде: Сүттубаева Т.М., Әбілғазы Д.З., Ахметчина Г.И., Төребекова Г.Х., Қоқасова Р.Қ.
Іс-шара 1 курс студенттерінің Отанымыз туралы өлеңдерін оқумен және «Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы» бейнефильмін тамашалаумен жалғасты. Шара Арыстанбек Бірмағанбетовтың орындауындағы Отан туралы әндермен аяқталды.