«Домбырам-асыл мұрам»
1 шілде – Ұлттық домбыра күніне арналған кітап көрмесі
Домбыра – қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын бойына сіңірген қасиетті ұлттық аспап. Оның күмбірлеген үні елдің шежіресін, батырлар ерлігін, халықтың қуанышы мен мұңын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Домбырам-асыл мұрам» атты кітап көрмесінде қазақтың күй өнері, дәстүрлі музыкасы, белгілі күйшілер мен композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, энциклопедиялар, мақалалар жинақтары және мерзімді басылымдар ұсынылады.
Көрменің мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, домбыра өнеріне деген қызығушылықты арттыру, жас ұрпақтың туған елдің мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыру.
Көрмеге қош келдіңіздер!