Колледж кітапханасында «Есірткісіз болашаққа» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда нашақорлық, нашақорлықтың зияны және нашақорлықпен күресу туралы әдебиеттер, иллюстрациялық материалдар, зиянды әдеттердің алдын алуға арналған басылымдар, көркем әдебиет туындылары қойылған.
Көркем әдебиет туындылары нашақорлықтың негізгі себебі қандай болса да, есірткіні қолданудың қайғылы нәтижесі туралы объективті сабақ береді.
Біздің кітаптарда психотроптық заттардың адамға әсері, тиімді емдеу курсын қалай таңдау керек, адамның қалыпты өмірге оралуына қалай көмектесу керектігі туралы айтылады. Біз нашақорлық – біздің ортақ мәселеміз екенін түсінуіміз керек, сонымен бірге оны бірге шешуіміз керек!