Халықаралық әйелдер күнін атап өту мақсатында Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінде «Менің анам - ең керемет» атты фотокөрме өтті. Студенттер аналарының фотосуреттерін көрсетіп, жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді. Көрме біз үшін ең қымбатты аналарымызға құрмет пен ризашылық білдірудің тамаша мүмкіндігі болды.