«Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде» КМҚК 2026 жылғы 17 наурыз күні сағат 11:30-да «1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету және су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде және орын алған жағдайда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар жағдайындағы іс-әрекеттер туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру болды.
Колледж студенттері ZOOM платформасы арқылы онлайн-сабаққа қатысты. Сабақ барысында халықты хабардар ету мәселелері, су тасқыны кезіндегі іс-әрекет алгоритмдері және азаматтық қорғаудың басқа да маңызды аспектілері қарастырылды.
Аталған іс-шараны өткізу білім алушылардың жеке қауіпсіздік пен айналадағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.