12.18. 2024 жылы арнайы пәндер онкүндігі аясында «Мамандығым – мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: студенттердің кәсіби-танымдық қызығушылықтарын дамыту және «тракторшы» мамандығына құрметпен қарау.
Шара аясында студенттер трактор жасау тарихына арналған презентацияны тыңдап, кәсіби қызметінің ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ, шара аясында Agroskills республикалық байқауының жеңімпазы өндіріс шебері М.Д.Құрмамбаевпен әңгіме өрбіді, ол өзінің кәсіби тәжірибесі туралы айтып, жігіттердің сұрақтарына жауап берді.