Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Әулиекөл ауданында болды. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде болды.
Колледж директоры Альмира Жансүгірова облыс әкімін колледж студенттерінің оқу үдерісі мен тәжірибелік сабақтарының шарттарымен таныстырды.
Студенттермен кездесуге облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары – болашақ жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер, колледждің қамқоршылық кеңесі де қатысты.
Қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Өңір басшысы студенттермен кездесуде олардың таңдаған мамандықтары туралы әңгімелеп, сәттілік тілеп, қамқоршылық кеңестің сапалы құрамы мен жұмысына да ұсыныстар берілді.
«Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі»
КМҚК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Наговицына Р.Г.