2026 жылдың 17 наурызында Қостанай облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Педагогикалық олимп» ІІ облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті. Бұл байқауда Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің атынан арнайы пәндер оқытушысы Б.А. Биғалиев қатысты. Ол 3 жүлделі орынға ие болды.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді насихаттау және шығармашылық ізденістерін қолдау. Қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және заманауи технологияларды қолдану деңгейін көрсетті.