2026 жылдың 24-27 сәуірі аралығында Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде ұлы ұстаз, ағартушы және қоғам қайраткерінің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаттары мен міндеттері: заманауи инновациялық білім берудің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық тәжірибені тарату; Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасын танымал ету; қоғамның назарын білім берудің өзекті мәселелеріне аудару; және білім беру процесінде озық педагогикалық және ғылыми-әдістемелік тәжірибені зерттеуге, таратуға және енгізуге ықпал ету болды. Іс-шараға Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің оқытушылары: С.С. Абдоллина, Ф.Р. Баймұхамедова, Р.К. Кокасова және Т.М. Суттубаева онлайн және офлайн режимінде баяндама жасады. Конференцияның барлық қатысушылары сертификаттар алды, ал Т.М. Суттубаева үшінші орын алды! Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!