2024 жылғы 31 мамыр колледж кітапханашысы З.Марденова тарих пәнінің мұғалімі А.Есмағамбетовпен бірге Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған ақпараттық сағат өткізді. Бұл елімізде 1997 жылдан бері тойланып келеді.
Заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды оңалту және құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды.
31 мамыр да ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1921-1933 жылдар аралығында (1921-1922 және 1932-1933) қазақ даласы екі рет аштықты бастан кешірді. Бұл халқымыз үшін үлкен соққы болды. Бұл уақыт қазақ халқы үшін ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған қасірет болды.
Студенттер еліміздегі сол сұмдық кезең туралы көптеген мәліметтер алды.