2026 жылдың 18 маусымында Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен талаптарын зерттеу бойынша семинар өтті. Семинарда өтініш берушілерге шешімге шағымдану құқығын түсіндіру қажеттілігі, бұл талапты олардың өтініштеріне берген жауаптарында жазбаша түрде көрсету қажеттілігі ерекше атап өтілді. Семинарда сондай-ақ өтініштерді қарауға қатысты заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берілді.