Хабарландыру!
2023 жылдың 20 маусымнан бастап Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде қабылдау комиссиясы 2023-2024 оқу жылына (базалық 9 сынып) талапкерлерді қабылдау жұмысын бастайды, 26 маусымнан бастап 11-сыныптар бойынша құжаттарды қабылдау басталады. Комиссия 09.00-ден 18.00-ға дейін күнделікті, жексенбіден басқа уақытта, жұмыс істейді, 13.00-дан 14.00-ға дейін демалыс уақыты.
Құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 4 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау үшін қолжетімді қабылдау квотасына назар аударамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 264 қаулысымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.