Бүгін, 2024 жылдың 23 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚКда «Бірыңғай білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбие жұмысындағы озық педагогикалық тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар-панорама өтті. Семинарға Қостанай облысындағы колледждердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие психологтары қатысты.
Түстен кейін қонақтарға Әулиекөл аудандық жастар ассамблеясы тарту етілді. Колледж фойесінде этномәдени орталықтар орналасты.
Жобаның бірегейлігі – «Әулиекөл өңірінің жастар ассамблеясы» жобасы Қостанай облысындағы білім беру мекемелері арасында бірінші болып табылады. Жобаға қатысушылар – Әулиекөл өңірінің жастары мен Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері. Ол өмір сүрген жылдар ішінде өзінің маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдеп, көпұлтты қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Әулиекол аудандық мәслихатының азаматтық қоғам институты ретіндегі қызметі ел Президенті айтқан барлық бастамаларды жүзеге асыруда. Шараға Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қасқабаев пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Уразбаев та қатысты. Аталған жобаның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрметті депутаты, колледж директоры Альмира Жансүгірова Жастар Ассамблеясының аудан, облыс өміріндегі алатын орны, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.
Әулиекөл аудандық жастар ассамблеясының барлық жұмысы өскелең ұрпақтың бойына қазақы патриотизм сезімін оятып, нағыз қазақы патриотизм бейнесін қалыптастыруға бағытталған.