Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында №117 бұйрық талаптарына сәйкес террористік қауіп төнген жағдайда қызметкерлер мен оқушылардың іс-қимыл алгоритмін пысықтау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында Әуликөл ауылшаруашылық колледж қызметкерлеріне күдікті зат анықталған жағдайда, бөгде адамдар кірген кезде және террористік қауіп туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, шұғыл қызметтерге хабарлау, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алгоритмдер іс жүзінде көрсетілді.
Мұндай оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде қызметкерлер мен оқушылардың дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.