Кәсіби бағдар беру жасөспірімдерге өз қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне негізделген мансап таңдауға көмектесетін маңызды процесс. Мектеп оқушылары, сондай-ақ ересектер белгілі бір мамандыққа қойылатын талаптарды және оларды дамыту үшін қажетті дағдыларды түсінуі керек.
Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің дәнекерлеу мамандығы бойынша мұғалімі Б.А. Бигалиев Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылындағы және көршілес аудандардағы мектептердің оқушыларына кәсіби бағдар береді, оларды қабылдау талаптарымен, колледждегі тәжірибемен және болашақ мансаптық мүмкіндіктерімен таныстырады.