17 наурызында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде аймақтық «Педагогикалық олимп» байқауының екінші кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты Қостанай облысындағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының талантты оқытушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау болды. Әулиекөл ауылшаруашылық колледжін арнайы пәндер оқытушысы Б.А. Бигалиев таныстырды. Берік Әмірханұлы 13 үміткердің ішінен құрметті үшінші орынды иеленді.
Колледж ұжымы оны жеңісімен шын жүректен құттықтайды және жұмысында шығармашылық табыстар тілейді.