Ал бүгінде халық табиғи апатқа тап болды – Қазақстанның бірқатар өңірінде көктемгі су тасқыны басталды.
Оқу мекемесінің директоры А.Жансүгірова бастаған Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің жұмысшылары, «АМАНАТ» партиясының мүшелері мен белсенділері.
«Жастар рухы» жастар қанаты «Күшіміз бірлікте» акциясын қолдап, Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Әулиекөл колледжінің еріктілері азық-түлік пен бірінші қажетті заттарды жинады.
Әулиекөл колледжінің волонтерлері дағдарыс кезінде ешқашан шетте қалған емес.
Ал бұл жолы көптеген колледж қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жөн көрді.Аманат партиясының жастар қанатының еріктілері, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету жұмыстарын жалғастырады.