20 қазан күні Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Қыран елім – Қазақстан!» акциясы өтті. студенттер, оқытушылар мен педагогикалық ұжым Қазақстан Республикасының әнұранын жаппай орындады.
Бұл іс-шараның мақсаты – Республика күнінің қоғамдық санадағы маңызын арттыру, патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу және қоғамда Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуді нығайту.